28 шіл, 2021 сағат 13:25

Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыптылар суға батып кетті


Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында ерлі-зайыптылар суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 шілде күні Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасына екі адам батып кетті. 

«Ерлі-зайыптылар жабдықталмаған жерде шомылып жүрген. Куәгерлердің айтуынша, жағадан алысқа жүзіп кеткен 1978 жылғы әйел бата бастаған. Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке бірден асықты. Алайда ол да өз күшін дұрыс бағаламай, батып кетті», - делінген хабарламада. 

Құтқарушылар атап өткендей, адамдар көбінесе өз қабілеттеріне шамадан тыс сенімділіктің салдарынан суға батады. Су айдындарындағы жазатайым оқиғаларға жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, көз жұмған азаматтардың көбісі жақсы жүзе алады. Сондай-ақ жабдықталмаған су айдындарында шомылу да қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда.