18 қар, 2020 сағат 11:04

Шығыс Қазақстанда биыл 300 шақырым жол жөнделді

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 300 шақырым жол жөнделген, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл 283 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 160-ы облыстық, 123 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

«Осы жылы Аягөз-Қарауыл-Семей-Қайнар, Үлкен Нарын-Күршім, Өскемен - Тарғын-Самар, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар, Шемонаиха-Усть-Таловка, Шемонаиха-Большая речка, Белағаш-Дмитриевка, Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра автомобиль жолдарының учаскелеріне, сондай-ақ Беген, Солдатово, Көктерек, Боран, Ойшілік, Глубокое, Белоусовка және Тассай ауылдарының кіреберіс жолдары жөнделген», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 50,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Осылайша, Преображенка-Шұғылбай, Күршім-Алғабас, Үржар-Қызылту-Бургон, Новодворовка-Переменовка-Ремки ауылдары арасындағы жол учаскелері және Жаңаауыл ауылына кіреберіс жол жөнделді.