09 нау, 2017 сағат 13:32

Шығыс Қазақстанда ауқымды су тасқынына қарсы оқу-жаттығу өтеді

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес наурыздың басында ШҚО аумағында ауа температурасы күрт көтеріледі деп күтілуде. 

Өңірдің құтқару қызметі «Көктемде су тасқыны жағдайының  қолайсыз кезеңінде төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі құтқару және шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу»  атты ауқымды тактикалық-арнайы  жаттығуға әзірленуде. Ол ертең басталмақ, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. 

Биыл өңірге қалың қар түсті. Су тасу қаупі жоғары. Жаттығу су басқан кезде  азаматтық қорғаныс қызметі мен халықтың әрекетін пысықтау үшін өткізілуде», - деді ТЖД.

Жаттығу мәні бойынша, қала әкімінің жедел кезекші бөліміне «138» нөміріне Городская көшесі бойынша бірден бірнеше үйді су басқаны жайлы қоңырау түседі.

Жаттығуда хабарландыру жүйесі және су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялау, барлық қажетті қызметтер, коммуналдық қызметтердің өзара байланысын ұйымдастыру сәттері, жағалауды, үйлерді нығайту, су басқан аймақтан су айдау, Ұлттық гвардия әскерлеріне көмектесу, материалдық шығынды анықтау комиссиясын құру мәселелері пысықталады.

Ауқымды жаттығуға бірден бірнеше арнайы қызметтер  қатысады. Атап айтқанда, ГУ «Өскемен ТЖБ» ММ, ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі", «Өскемен-Тәртіп» және «Өскемен-Водоканал», ҚР Ұлттық гвардиясының жеке құрамы, Апат медицина орталығы, жедел жәрдем көмегі стансасы, ШӨАЖҚЖ.