12 қаз, 2025 сағат 13:32

Шығыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді


© Sputnik / Владислав Воднев


Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді.


"Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Өскемен – Тарғын – Самарское" бағытындағы облыстық маңызы бар автожолда қысқы дөңгелекпен жабдықталмаған көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.


Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерден бағытты жоспарлау кезінде сақтық шараларын сақтауды сұрайды.