Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылды.
Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев санитарлық бекеттердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның сөзіне қарағанда, 1 қарашадан бастап өңірге сырттан келетіндерді бақылау үшін 15 санитарлық бекет жұмыс істеп жатыр. Үш бекет Алматы, біреуі Қарағанды және екеуі Павлодар облыстарымен шектесетін аумақтарда орналасқан. Сондай-ақ, 2 бекет ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін «Ауыл» және «Уба» өткізу бекеттерінде және 7 бекет Өскемен қаласы бойынша орнатылған.
10 қарашадан бастап «Бақты» және «Майқапшағай» өткізу бекеттеріндегі тағы екі санитарлық бекет өз жұмысын бастады.
Айта кетейік, облысішілік автобустардың, шағын автобустардың және өзге де жолаушылар тасымалының қозғалысына тыйым салынды.
Ұлан ауданының Қасым Қайсенов, Глубокое ауданының Опытное поле, Ушановское және Белоусовка кенттері бойынша қатынайтын маршруттар тоқтатылған жоқ.