© Sputnik / Владислав Воднев
Шығыс Қазақстан облысында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 наурызда Астана уақытымен 08 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан 48 км қашықтықта, таулы аймақта орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің есептік қарқындылығы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында 2 баллды құрады.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
