20 қар, 2020 сағат 12:10

Шығыс Қазақстан облысында карантин күшейтіле ме?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірде карантинді ары қарай күшейтуге қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл мәселе өңір тұрғындарын алаңдататынын білеміз. Біз шектеу шараларын күшейтуді жоспарлап отырған жоқпыз. Біз қабылдаған шаралар жетілікті деген ойдамын. Атап айтқанда, облыс халқын қауіпсіздік талаптарын тиісті деңгейде сақтауға шақырамын. Осы талаптар орындалса, барлығы жақсы болады», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.