29 қаз, 2020 сағат 12:13

Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блокпостар қойылады

Шығыс Қазақстан облысында 1 қарашадан бастап блокпост қойылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, бір тәулік ішінде өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді. Осылайша 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр. 

«Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері – тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу шараларын сақтамауы, сондай-ақ көршілес елдерден келетін жолаушылар мен тауар тасымалының көптігі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, 1 қарашадан бастап аймақ шекарасына блок-бекеттер қойылады. Өңір басшылығы күшейтілген карантин кезінде облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», - деді Талғат Тұңғышбаев. 

Оның айтуынша, алдағы уақытта кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істей береді. 

«Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз. Жаңа қаулы жақын арада жарияланады», - деді департамент басшысының міндетін атқарушы.