25 сәу, 2022 сағат 13:31

Шу ауданындағы үйдің шатырынан 160 келі «марихуана» табылды


Полиция қызметкерлері қара нарықтағы құны 25 млн теңге болатын ескірткіні тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада Жамбыл облысының Айша Бибі тасжолында патрульдік инспекторлар «ВMW Х5» көлігінің салонынан 8 қап марихуана тапты. Қаптардың жалпы салмағы 200 келі екені анықталды. Астаналық сақшылар да марихуананың ірі партиясын тәркіледі. Мичурин кентіндегі жеке тұрғын үйдің көмір қорасынан салмағы 42 келі болатын 4 қап марихуана табылды. Үй иесі бұл есірткіге өзінің қатысы жоқ екенін айтып ақталды. Бірақ өзін тінту кезінде «гашиш» табылды. Иісшіл иттердің көмегімен үйдің ішінен сатуға деп дайындаған 35 орам «гашиш» тәркіленді. Бүкіл тәркіленген есірткінің мөлшері 8500 дозаға тең. Оның қара нарықтағы бағасы 25 млн теңгедей болады»», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Сондай-ақ, Жамбыл облысының полицейлері Шу ауданының бір тұрғынынан 160 келі есірткі тәркілеген. Оның үйінің шатырынан 8 қап марихуана табылған. 

Ал Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғынынан «мефедрон» синтетикалық есіртскісін тәркілеген. Оның телефонында ерсіткі орамдары жасырылған орындардың геолокациясы шыққан. 

«Қазір ұсталған күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды», - деді ІМ өкілі.