Шортанды кенті маңындағы эстакада көлік қозғалыс ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінге дейін эксплуатация жасаушы компания эстакаданы қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Жолшылар топсалы-анкерлі бекіткіштерді орнатып, деформациялық жіктерді жөндеуден өткізді.
Айта кетейік, биыл 14 қазанда «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығында (Шортанды кенті) көліктің барлық түріне қозғалыс уақытша шектелген болатын.
«Көпірдегі аралық салмақтың теңгерімсіздігі нәтижесінде деформациялық жік тіреуіштерден ажырап қалған. Бұдан аралық құрылымның консоль бөлігі жоғарыға көтеріліп, ақау пайда болған», делінген хабарламада.
Айта кету керек, аталған өтпежол 12 жыл бұрын пайдалануға берілген. Оның ұзындығы 70 метр.
Ведомствоның мәліметінше, қазір «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75-шақырымындағы көлік жол айырығы (Шортанды ауылы) бойынша көлік үшін қауіпсіз.