23 қаз, 2021 сағат 17:00

Шорт-трек: Әділ Ғалиахметов Әлем Кубогінің күміс жүлдегері атанды


Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында 1 500 метрге жарысудан қазақстандық Әділ Ғалиахметов күміс жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 18,680 секундта жүгіріп өткен. 

Сочи Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18, 285 секундты көрсетіп, әлем кубогінің жеңімпазы атанды. 

Қола медаль алған қытайлық Ан Кай 2 минут 18,864 секундта жүгіріп өткен. 

Бұл - Әділ Ғалиахметовтің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.