16 қаң, 2021 сағат 10:20

Шоқыну мерекесі: Ақмола облысында қандай талаптар сақталуы тиіс?

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның православ христиандарының Шоқыну мерекесін атап өтуге байланысты карантиндік шектеулер туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақмола облысының аумағында Шоқыну мерекесін өткізу кезеңінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қаулы етемін: 

- Ақмола облысының әкімдігі, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері Шоқыну мерекесін өткізу кезеңінде карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды;

- Ақмола облысының аумағында діни мереке күні жаппай шомылуды (10 адамнан астам) ұйымдастыруға және өткізуге жол бермеуді;

- 60 жастан асқан адамдардың шомылмауын;

- шомылу орындарында келушілердің «кіру және шығу» аумағын белгілеуді; 

- киініп-шешіну орындарында келушілердің санын 10 адамнан аспайтындай шектеуді; -

- жарықтандыру және киелі су шашу, шомылу орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтауды; 

- кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты ұстануды; 

- қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да түрлеріне жол бермеуді;

- жарықтандыру және қасиетті су себу орындарында, күту және жылыту пунктерінде (киініп-шешіну бөлмесі бар жылы үй-жайлар, шатыр) маска режимін сақтауды (әр 3 сағат сайын ауыстыру, бірреттік немесе көп рет қолданылатын маскаларды міндетті түрде кию) қамтамасыз етсін, - делінген құжатта.

Сонымен бірге, аталмыш қаулыға сәйкес, Ақмола облысы бойынша дін өкілдері Шоқыну мерекесін өткізу кезінде карантиндік шаралардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет:

- 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жарықтандыру және қасиетті сумен бүрку жүргізілетін шіркеулердің үй-жайларында толымдылығы 50 пайыздан аспауы тиіс;

- қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа түрлерін болдырмау;

- шіркеулерде қасиетті су таратуды жүзеге асыратын адамдарға әр 2-3 сағат сайын міндетті түрде ауыса отырып, бірреттік қолғаптар мен қорғаныс маскаларын қолдану;

- 25.12.2020 жылғы № 67 Қаулыға сәйкес діни объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим талаптары сақталуы тиіс (№20 қосымша).