Фото: ТЖМ
Зайсан ауданының Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбырағаш аумағында қамыс пен құрғақ өсімдіктің жану фактісі тіркелді, деп хабарлайды Ult.kz.
Өрт ошағы батпақты, қолжетімсіз жерде орналасқан. Төтенше жағдайлар қызметі мен орман шаруашылығы қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізуде.
Өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар:
Жалпы: 85 адам, 15 техника бірлігі.
ТЖД: 52 қызметкер, 8 техника бірлігі.
Орман шаруашылығы: 17 адам, 4 техника бірлігі.
Жергілікті атқарушы органдар: 16 адам, 3 техника бірлігі.
Қосымша: 20 адам, су таситын көлік, соқасы бар трактор және жүк тиегіш жіберілді.
Ми-8 тікұшағы әуеде жұмыс істеп жатыр, бортында 11 құтқарушы бар. Барлық қажетті құтқару жабдықтары тиелген. Сондай-ақ тікұшақты жанармаймен қамтамасыз ету үшін жанармай таситын көлік те жолға шықты.
Өртті сөндіру жұмыстары қатты желмен (19–20 м/с дейін) қиындап отыр.