03 шіл, 2021 сағат 12:03

ШҚО тасжолында жүк көлігі өртенді


Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Semey News.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» күре жолының 40-шы шақырымында келе жатқан «Volvo FH 12» жүк көлігі өртенгенін мәлім етті. 

«Өрт көлік қозғалтқышынан шығып, салонның 7,5 шаршы метрі жанған. Оқиғаның себебі – жоғары қаупі бар агрегатты абайсыз пайдалану», - деп түсіндіріп өтті ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен. 

Оқиға орнына КамАЗ көлік цистернасымен өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері шықты. Олар жалынмен күресе отырып, жарылысты болдырмау үшін отын багын салқындатқан.