#
#
Дүйсенбі 30/11/2020

ШҚО коронавируспен күресіп жатыр: Төсек-орын саны 12 есе ұлғайтылды

  • 30.10.2020
  • 0
  • 149

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың жаңа толқыны кезінде халыққа уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін 40 инфекциялық стационар дайындалды. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа толқын жағдайында халыққа уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін 40 инфекциялық стационар дайындалып, медициналық жабдықтармен толық қамтылған 6,1 мың төсек-орын әзірленді. Инфекциялық стационарлар 3 деңгейде өңірлік арада бөлінген. Бірінші деңгей инфекциялық стацонарлардың 70 пайызын, 4 215 төсек-орынды құрайды. Коронавирус инфециясы тіркелген алғашқы жағдайдан бастап төсек-орын саны 12 есе ұлғайтылды. Бұрынырақ 100 инфекциялық және 411 провизорлық төсек-орын болды. Реанимациялық төсек-орын 11 есе ұлғайтылып, 34-тен 399 төсек-орынға жеткізілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның атап өтуінше, Өскемен қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, онда жаңа инфекциялық госпиталь ашылады. Госпиталь ПТР зертханамен және өзге де заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған. 

«Бүгінде облыста 2 078 инфекциялық және 220 карантиндік төсек-орын әзірленген. Инфекциялық стационарларда 566 пациент, ал карантинде 43 пациент жатыр. Мұнан бөлек 124 реанимациялық төсек-орын әзірленді. Олардың 36,2 пайызында пациенттер бар», - деді ол. 

Сонымен қатар Райфа Сафиоллинова облыста коронавируспен ауырған пациенттердің 97,6 пайызы емделіп шыққанын айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар