#
#
Дүйсенбі 30/11/2020

ШҚО-дағы шаруа қожалығында ірі өрт болды

  • 26.10.2020
  • 0
  • 190

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы шаруа қожалығының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қазанда сағат 00.53-те Шелехово ауылындағы шаруа қожалығының өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде 100 тонна шөп жанып жатты. Қызыл жалын лезде қораның ағаш құрылымдарына тарап кеткен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға екі өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамнан сегіз адам, сонымен қатар трактор және шаруа қожалығындағы бес жұмысшы жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы 600 шаршы метрді құраған. Осы кезде қорада 15 сиыр, екі жылқы және екі трактор болған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін қожалық иелері жеті сиырды, ал құтқарушылар екі тракторды шығарып үлгерді. Алайда екі жылқы мен сегіз бас ірі қара өртеніп кетті. Тілсіз жаудың шығу себебі – қасақана өрт қоюдан болуы мүмкін», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар