07 там, 2021 сағат 14:31

ШҚО-дағы шаруа қожалығында 600 тонна пішен өртенді


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы шаруа қожалығында 600 тонна пішен өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарлаулы ауылындағы шаруа қожалығының аумағында өрт шыққан. 

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде 600 тонна шөп жанып жатты. Көп ұзамай құтқарушылар 540 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды ауыздықтады. Өртті өшіруге жеке құрамнан 5 адам мен 1 техника және шаруа қожалығынан 12 жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.