Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. ҚХА-ның өңірлердегі жұмыстары бүгінде рет-ретімен жүзеге асырылуда. Осы орайда Sn.kz порталы Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстары қалай жүріп жатқанына шолу жасап көрді.
Мәселен, осы қыркүйек айында «Шығыс Қазақстанның Достық үйлері, бірігіңдер» деген тақырыппен Достық үйлері үшін тәжірибе алмасу және тиімді жұмыс әдістерін енгізу жөніндегі облыстық семинар өтті.
Семинарды Достық үйі директорының міндетін атқарушы Жанар Алканова құттықтау сөзімен ашты. Ол аудандық Достық үйлерімен бірлескен жұмыс туралы айтып, нақты мысалдар келтірді. «Үлбі» орталығының дағдарыс бөлімінің психологы Александра Романовская өз сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету тақырыбын көтерді. Медиация, оның қоғам өміріндегі рөлі туралы, атап айтқанда мектептегі және этносаралық қатынастар саласындағы Медиация туралы кәсіби медиатор Тулетай Танекенова сөз қозғады.
ШҚО «Жанғыру жолы» өңірлік жастар штабының төрағасы, ШҚО ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының үйлестірушісі Юнусов Равиль жастармен жұмыс жасау әдістері туралы айтып берді. Журналист және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі қызметтің басшысы Айзада Бибулова әлеуметтік желілердің озық пайдаланушысы болудың және медиа кеңістікпен «достасудың» құпияларын ашты.
Сонымен бірге, Шығыс-Қазақстан облысының Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы қызықты онлайн-концерті өтті. Instagram аккаунтының парақшасында көрермендер Еріктілер жылына арналған «Бірлік - біздің күшіміз» онлайн-концертінің тікелей эфирін тамашалай алды. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер тобы әр түрлі қайырымдылық және экологиялық шараларға қатысатын азаматтарға және табиғатқа шын жүректен қамқорлық жасайды. Патриоттық әндер, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнау, этникалық билер, жанға жайлы және терең күйлер - осының бәрі махаббат пен достықта өмір сүретін мәдениеттердің алуан түрлілігін көрсетті.
ШҚО жастары жобаларды ілгерілету мүмкіндіктері мен конкурсқа қатысу өтінімдерін дұрыс қалыптастыруды үйренді. Іс-шараға жоғарғы оқу орын студенттері, ШҚО ҚХА еріктілері қатысты. Кезекті кездесуде оқушылар спикерлермен бірге кең ауқымды мәселелерді талқылады, соның ішінде ұлы философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың мұрасы туралы сөз қозғап, оның шығармаларының әрқайсымыздың өмірімізбен тығыз байланысын көрсетті.
Сондай-ақ, жастар саясатының мәселелері мен перспективалары қарастырылды, волонтерлік тақырыбы егжей-тегжейлі баяндалды. Өз сөзінде ШҚО Азаматтық Альянсынан Ольга Бобрышева мен Руфит Ахмедзянов мемлекеттік гранттар туралы, өз жобаларын тек республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық дәрежеде де ілгерілету мүмкіндіктері туралы айтып, қатысушыларға конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қалай дұрыс қалыптастыру керектігін үйретті. Іс-шара сертификаттарды дәстүрлі тапсырумен аяқталды.