15 сәу, 2025 сағат 15:54

ШҚО-дағы дала өрті: 2000 га алаңдағы өрт оқшауланды

Фото: ТЖМ

ШҚО-дағы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Ult.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, өрт сөндіру мақсатында әуеден 32 рет су төгілген. Бұл шамамен 90 тоннаны құрайды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт 2000 га алаңды қамтыды.  Қазіргі уақытта өрт оқшауланды. Енді толықтай сөндіру үшін қосымша күш пен техника тартылып жатыр.