Шығыс Қазақстан облысында жылқыны көлік қағып кетіп, екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қыркүйек күні кешкі сағат 21:30 шамасында «Өскемен-Самар» тасжолының 56-шақырымында Lada Largus автокөлігін жүргізіп келе жатқан 44 жастағы жүргізуші 1,5 жасар құнанды қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның әйелі түрлі дене жарақатын алған. Сондай-ақ көлік иесіне материалдық залал келді» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Малды қараусыз жайғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 408-бабы бойынша жылқы иесіне хаттама толтырылды.