25 мау, 2021 сағат 16:53

ШҚО-да жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр


Шығыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Өскемен-Рахман қайнарлары» тасжолында болған. 

«Маркасы белгісіз автокөлікті тізгіндеген жүргізуші Алтай ауданындағы Васильевка ауылының тұсында 40 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апатының салдарынан ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған. Ал кім екендігі әлі анықталмаған жүргізуші болса сол жерден із суытты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабына сәйкес (Көлік құралын басқарған адамның жол жүру ережелерін бұзуының абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.