18 там, 2025 сағат 15:24

ШҚО-да заңсыз алтын өндіру ісі әшкереленді

Фото: Pexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданындағы Шыбынды өзенінің аңғарында «EastGoldStone» ЖШС-нің заңсыз әрекетін анықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу мәліметінше, компания екі жыл бойы лицензиясыз алтын өндіріп, өзен арнасын өзгерткен. Бұл процесте ауыр техника мен өнеркәсіптік жабдық қолданылған.

🔻 Залал көлемі

  • Экологиялық шығын – 300 млн теңгеден асты;

  • Тінту кезінде 6 кг алтын (құны 382 млн теңге) тәркіленді.

Компанияны ұйымдастырған тұлға екі айға қамауға алынды.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.