11 қыр, 2021 сағат 00:05

ШҚО-да сіріңкемен ойнаған баланың кесірінен 30 тонна пішен өртенді


Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында сіріңкемен ойнаған бала 30 тонна пішеннің өртенуіне себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін Глубокое ауданы Ушанов ауылында шыққан. 

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Белгілі болғандай, 30 тонна пішен өртенген. Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына – баланың сіріңкемен ойнауы себеп болған. 

Осы ретте құтқарушылар өңір жұртшылығына балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.