12 қаң, 2021 сағат 12:10

ШҚО-да мектеп оқушыларының 60%-дан астамы дәстүрлі форматта оқуға көшті

Шығыс Қазақстан облысында жаңажылдық демалыстан кейін өңір мектептеріндегі 60%-дан астам оқушы дәстүрлі форматта оқуды бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап контингенті 300-ге дейінгі қалалық және ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін мектептерде 1-11 сынып оқушылары, 1-5 сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшті. Оқытудың аралас форматы бітіруші сыныптар үшін рұқсат етілген. Бұл ретте пәндердің 70%-ы штаттық режимде, ал 30%-ы қашықтан өтуі тиіс.

Осылайша, Шығыс Қазақстанда 121 мыңнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқуды бастады. Мектептердегі сабақтар барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтуде.

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары сайлау учаскелері ретінде жұмылдырылды. ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, өңірде сайлау учаскелері 527 мектепте орналасқан. Осы ретте, дауыс беру өткізілген мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 10 және 11 қаңтарда дезинфекция жүргізілді.

Сонымен қатар ШҚО Бас санитарлық дәрігері міндетін атқарушының қаулысы бойынша сайлау комиссияларының мүшелері 72 сағатқа үй карантиніне жіберілген. Соның ішінде бүгінгі таңда өңірде 1805 педагог оқшауланды. Олар өз жұмыстарын қашықтан жүргізуде.