25 қар, 2020 сағат 13:45

ШҚО-да коронавируспен ауырғандар өлімінің негізгі себебі айтылды

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли баспасөз конференциясында коронавируспен ауыратын науқастардың өлімінің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдікке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қайғылы жағдай көбінесе қосалқы аурулардың салдарынан орын алады. 

«Негізінен бұл қант диабеті, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. Әрине, басқа аурулар да коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың жағдайын ауырлатады. Өкінішке орай, егде жастағы науқастар жиі ауырады және оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталады», – деді Владимир Ли.