24 қар, 2020 сағат 05:34

ШҚО-да коронавирус жұқтырған пациенттерге қандай дәрілер тегін беріледі?

Шығыс Қазақстан облысында жұқпалы дертке шалдыққан науқастарға бірқатар дәрі тегін беріледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, амбулаторияда емделетін коронавирус жұқтырған жеңіл дәрежелі пациенттер дәрігердің тағайындауы бойынша парацетамол және ибупрофен сияқты ыстықты түсіретін дәрілерді тегін алады.

«Ал пневмония тіркелген, денсаулық жағдайы нашарлауы ықтимал науқастарға ривароксабан, апиксабан және дабигатран сияқты дәрілік препарат тегін беріледі. Стационардағы пациенттер коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына сәйкес бюджет қаржысымен емделеді», - дейді Думан Берікұлы.