14 сәу, 2020 сағат 15:46

ШҚО-да коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы қалай?

Шығыс Қазақстан облысында жұқпалы дертке шалдыққан науқастар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазірде жалпы өңір бойынша 8 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның ішінде 1 пациент көз жұмды. Алты адамның денсаулық жағдайы орташа болса, бір науқастың хәлі тұрақты ауыр. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктің мәліметінше, вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар анықталып, оқшауланған.