15 жел, 2020 сағат 13:05

ШҚО-да қоғамдық тамақтану орындары мереке күндері жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тамақтану орындары мереке күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. 

«Азық-түлік сатпайтын сауда объектілері, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлар (толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда), меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары, фитнес-орталықтар, СПА орталықтар, моншалар, сауналар, бассейндер, кітапханалар, мұражайлар жексенбіден басқа күндері жұмыс істейді. Сондай-ақ мәдениет объектілері, сұлулық салондары мен шаштараздар (алдын ала жазылу бойынша) аптасына 6 күн ашық болады», - делінген құжатта.

Ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарлары жексенбіден басқа күндері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Естеріңізге сала кетсек, өңірдегі карантиндік шектеулер 30 желтоқсанға дейін қайта ұзартылған болатын. https://www.inform.kz/kz/shko-da-shekteu-sharalary-30-zheltoksanga-deyin-uzartyldy_a3730199 Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.