15 қар, 2021 сағат 18:41

ШҚО-да қайтыс болған зейнеткердің мәйіті пәтерде 8 күн жатқан


Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қайтыс болған зейнеткердің мәйіті пәтерде 8 күн жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Глубокое ауданы Опытное поле ауылындағы көпқабатты үй тұрғындары полицияға подъез ішінде мәйіттің иісі шығып тұрғанын хабарлаған. Бұл иіс жалғызбасты қарт әже тұратын пәтерден сезілген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткен.

«Белгілі болғандай, зейнеткер қайтыс болып, мәйіт пәтерде 8 күн жатып қалған. Жалғызбасты әженің ешкімі болмаған. Марқұмға қарсы ешқандай қылмыстық әрекет жасалмаған», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әкімдік дезинфекция шараларын жүргізгенімен подъез ішінен иіс әлі кетпей тұр.