Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Алтай ауданында болған. Күдікті ретінде ұсталғандардың бірі — бұрынғы полицей болып шықты.
— Аталған фактіні Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар А.Ж. ішкі істер органдарынан теріс себептер бойынша қызметтен босатылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, өзге ақпараттарды заң бойынша жариялауға тыйым салынған.
Еске салсақ, бұған дейін Риддерде әйелі мен күйеуін үйінде өлтіріп кеткенін жазған едік.