Шығыс Қазақстан облысында екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы азамат Жарма ауданынан табылды.
«Қазір республика бойынша кең ауқымды «Учаске» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарының бірін тексеру кезінде 2 ай бойы іздеуде болған ер адамды тапты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Анықталғандай, телефонын жоғалтып алған ол өзін туған-туыстарының іздестіріп жатқандығын да білмеген. Қазіргі уақытта ер адам туыстарының үйіне жеткізілді.