21 қар, 2016 сағат 13:23

ШҚО әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін өңір басшысы Даниал Ахметов облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарын таныстырды. Аталған қызметке бұған дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған Әсем Нүсіпова тағайындалды.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін » экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылы аталған университеттің магистратурасын бітірді.

Еңбек жолын 1997 жылы консалтингтік компанияның сарапшысы болудан бастады. Бұдан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, «Деловая неделя» апталығының экономикалық шолушысы болды. Мемлекеттік қызметте 2001 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлімнің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, Қаржы министрінің кеңесшісі, Премьер-Министрдің кеңесшісі болып еңбек етті.

2005-2007 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің талдаулар жиынтығы бөлімінің меңгерушісі, 2008 жылы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары және бүгінгі тағайындауға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болды.

Думан Анаш