20 қар, 2020 сағат 12:58

ШҚО әкімі Алакөл аумағын дамыту жоспарымен бөлісті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алакөлдегі туристік демалу орындарын дамыту жайында айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы таяу жылдарда туризмді дамытуға ерекше екпін қойылып отыр. 4 жылда Алакөл бассейні аумағына 24 млрд теңге ескерілген. Қазіргі кезде 11 млд теңге игеріліп, инфрақұрылым салынды. Сонымен қатар туристік кешендердің құрылысына арналған жер учаскелері дайындалды. Осылайша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», - деді әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, аталған демалыс орындарына келетін туристер саны едәуір артатын болады. 

«Биылғы қиындықтарға қарамастан, 600 мың турист келсе, алдағы екі жылда 1 млн турист сапарлайды деп айта аламын», - деді ШҚО әкімі.