24 жел, 2024 сағат 12:11

Шетелдіктер астаналық ломбардтардың бірінен 46 млн теңге ұрлап кеткен


Фото: polisia.kz

Тергеу барысында бес адамнан тұратын топ қылмысты алдын ала мұқият жоспарлағаны анықталды. Қаскөйлер ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкер түскі үзіліске шыққан сәтті күткен. Одан соң олар ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын 654 алтын бұйымды, сондай-ақ кассадан бір жарым миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен.

Polisia.kz-тің мәліметінше, күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып, елдің батыс аймағына қашқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді Орал қаласындағы үйлердің бірінің ауласында ұстады, онда олар тұрғын үйді жалға алуға тырысқан. Күдіктілердің басқа елдің азаматтары екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта олар қамауда отыр. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Еске салсақ, Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.