29 қар, 2020 сағат 09:00

Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус табылған жоқ

28 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, БАӘ, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 1 337 жолаушы ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 244 адам, анықтамасыз - 93 адам келген. Оның бәрі - ҚР азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 813, анықтамасыз - 7 

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 448 жолаушы, анықтамамен - 387, анықтамасыз - 61 

- Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 69 жолаушы, анықтамамен - 44, анықтамасыз – 25.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантин стационарына орналастырылды және ПТР талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 

Бүкіл 93 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.