Фото: t.me/pressmfakz
Сыртқы істер министрлігі президент сайлауында шетелде дауыс берген қазақстандықтардың саны туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шетелдік мекемелерде 53 учаскеде 68 учаскелік сайлау комиссиясы ашылды, сайлаушылардың жалпы саны - 12 841 адам", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмысын аяқтады.
"Қазақстанның 11 360 азаматы дауыс берді, ол - 88,47 пайызы. Қазақстан Республикасы азаматтарының басым бөлігі Ресейде - 2 600 адам дауыс берді. Дауыс берушілер саны бойынша Түркия екінші орында - 1 423 адам, Өзбекстан үшінші орында болды – 591 адам", - деді СІМ өкілі.