30 нау, 2017 сағат 08:08

Шетелде діни білім алуды заңмен реттеу керек

Жыл сайын жүздеген азаматтарымыз шетелдерге білім алу үшін кетіп жатады. «Болашақ» президенттік стипендия бағдарламасын бәріміз білеміз. Сол бағдарлама арқылымамандар шетелдіңжетекші жоғары оқу орындарында еліміздің экономикасының басым секторларынақажетті білімдерді игеруде. Сондай университеттерде білім алып келген жас қазақстандықтар елімізге қайта оралып, орталық және мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда лауазымдарға тағайындалады, еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің дамуына үлес қоса отырып, өз бизнестерін де ашады.

Инженердің немесе қаржыгердің оқуын бітірген соң алған білімін отандық өнеркәсіп мекемелерінде немесе ұлттық банкте қолдану бөлек бір мәселе. Ал, діни білім болса еліміздің келешек рухани лидерлерін, діндар азаматтарға бағдар беретін, олардың дүниетанымына, мораліне, адамгершілік құндылықтарына әсер ететін адамдарды дайындайды.

Егер шетелдерде білім алу процесі заңмен реттелмейтін болса ше? Онда не болмақ? Шетелде беріліп жатқан діни білімдегі рухани құндылықтардың біздің қазақстандық құндылықтарға сәйкес келетіндігіне кепілдік қайда? Сонымен қоса олар деструктивті радикалды сипатта болса ше?

Көптеген сарапшылардың пікірінше шетелдерде білім алу біздің қоғамға радикалды ағымдардың келуіне әкеп соғады. Сондай-ақ шетелде рухани білім алған азаматтар бөгде мәдениеттер негізінде оқыған және өз еліндегі діндар адамдардың мәселелерін шеше алмауы мүмкін.

Бұл мәселені шешудің қандай әдістері бар? Таңдалған жоғары оқу орнын тиісті діни бірлестікпен келісіп алған жөн болар еді. Осылайша таңдалған оқу орнына барабар баға алуға болады. Яғни, осы логикамен жүретін болсақ, шетелдік оқу орындарына имамның оқуына түскісі келетіндер ҚМБД-ден жолдама немесе келісім алатын болады.

Бұл мәселені шешудің басқа бір әдісі – егер кандидат Қазақстанда рухани білім алып, сенім негіздерін қалыптастырған болса, оған шетелде діни білім алуға рұқсат беру. Сонда олар жат идеологиялар мен радикалды діни ағымдарға беріле қоймайтын болады.

Сондықтан да Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Мүфтиятпен бірлесе отырып, осы процесті заңнамалық тұрғыдан реттеуді қолдауы уақытылы болар еді. Себебі, ең бастысы жастарымызды әртүрлі радикалды діни ағымдардың деструктивті әсерінен қорғау болып табылады.

Б.Ә. Есмахан,

ҚР ДІАҚМ ДІК Исламдық діни

бірлестіктермен байланыстар

басқармасының басшысы 

Ұлт порталы

Көрнекі сурет Азаттық сайтынан алынды