Фото: видеодан скриншот
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Айыпталушыларға келесідей сот үкімі шықты:
- Абзал Шынасыл 23 жыл,
- Равиль Сакиев 20 жыл,
- Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Сонымен қатар Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды. Ал, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) 1 жыл 6 айға сотталды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 7-23 жыл арасында жаза сұраған.
