Фото: massaget.kz
Талғарда қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы марқұмның отбасының қорғаушылары мәлімдеді.
"Қайырлы күн, құрметті достар. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды!
2025 жылдың 17 қаңтарында біз тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы ресми хабарлама алдық. Бұл сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын білдіреді. Жұмысымыздағы маңызды кезеңдердің бірі артта қалды. Енді келесі маңызды кезең - қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаймыз", - деп жазды адвокат Карина Көшербаева.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Болат өлтірілген. Ол сол түні дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген. Белгісіз біреулермен келіспеушіліктің арты жанжалға ұласып, жасөспірім жарақаттанған.
Оқи отырыңыз: Талғар трагедиясы: Шерзат Полаттың өліміне қатысты оқиғалардың хронологиясы және ресми деректер