Түркістан облысында департамент басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
"24 наурызда Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының м.а. Дадаметовті мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 миллион теңге көлемінде айыппұлға соттады", - делінген хабарламада.
Ақпарат бойынша, ол Түркістан облысының "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінің Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдың жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.