Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында босану кезінде нәресте көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 4 қараша күні Шемонаиха ауылында болған. Перзентханада босану кезінде нәресте көз жұмды.
«Қазіргі уақытта аудандық аурухана қызметкерлеріне абайсызда баланың өліміне әкеп соққан медицина мамандарының кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Істің мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары денсаулық сақтау мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізбек.