11 қаз, 2024 сағат 16:06

Шексіз байланыс: Кселл Ақтөбе өңірінің интернет желісін кеңейтті


Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев Kcell мобильді операторының өкілдерімен бірлесе отырып, байланыста олқылықтар бар аймақтарды аралап, интернет сапасын тексерді. 

Байланыс аясындағы өңір 

"Kcell" АҚ Ақтөбе облысының өңірлік менеджері Ғалым Атамбаевтың айтуынша, оператор Ақтөбе облысы бойынша 320-дан астам базалық станция, оның ішінде қырық 5G станциясын орнатқан. Бұл қаланың негізгі нүктелері мен қала маңындағы аудандарға инернеттің таралуын едәуір арттырды. Жаңа орындардың қатарына аймақтық Жұбанов атындағы университет, медициналық академия және байланыс колледжі, сондай-ақ жатақханалар кіреді. 


"Өткен жылдан бері біз Ақтөбеде де, облыста да өз желілерімізді белсенді дамытып келеміз. Бүгінгі таңда біз 324 станцияны орнаттық. Соның нәтижесінде желідегі олқылықтарды іс жүзінде жоюға мүмкіндік берді және тұрғындар тұрақты әрі сапалы байланысқа қосылды. Алда тағы 110 станция орнату жоспарлануда", - дейді Ғалым Атамбаев.


Баспасөз туры журналистердің байланыс сапасын бағалауға жақсы мүмкіндік берді. Мәңгілік ел көшесіндегі Speedtest 600 Мбит/с жылдамдықты көрсетті. Салыстармалы түрде қарайтын болсақ, осы жердегі бұрынғы жылдамдық тек 10-20 Мбит/с болатын. Оператор аймақты түгелдей дерлік интернетпен қамтуды көздеп, желідегі «ақтаңдақтарды» толықтай жапты. Бұл байланыс сапасын көтеріп қана қоймай, телеком қызметтердің аясын кеңейтті. Одан бөлек, Кселл Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы тиімді "Топ Promo L" тарифтік жоспарын іске қосқанын, және небәрі 2990 теңгеге шектеусіз интернетке қосылуға болатынын қоса айтты.

Шағын аудандар мен қала маңындағы байланыс жақсарды

"Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін "Алтын Орда", "Есет батыр" сияқты шағын аудандар, сондай-ақ қала маңындағы "Бауырластар" және "Сазды" кенттерінде байланыс нашар болған. 5G станцияларымызды орнатқаннан кейін іс жүзінде олқылақтар шешімін тапты. Электр қуаты өшіп қалса да, станциялар 6 сағатқа дейін автономды түрде жұмыс істей алады. Бұл кез келген жағдайда тұрақты байланысқа кепілдік береді", - дейді Ғалым Атамбаев.


Сондай-ақ барлық базалық станциялар бірқатар тексерулерден өтіп, тиісті қауіпсіздік сертификаттарын алғанын, сонымен қатар тұрғындар денсаулығына қатысты еш алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.

Инновацияға қадам басқан қала

Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев өз кезегінде Kcell жүргізген жұмысты жоғары бағалады.

"Мен өзім "Алтын Орда" ауданында тұрамын және Kcell абонентімін. Бұрын байланыс желісіне қатысты адамдардан шағымдарды жиі еститін едім. Өзім де сигналдың нашарлығын байқайтынмын. Бүгін міне, компанияның байланысты жақсарту жөніндегі ауқымды жұмысының нәтижелерін көрдік. Қала белсенді дамып келеді және телекоммуникация сияқты инфрақұрылымның қатар дамып, артта қалмауы маңызды. Біздің жоспарымыз келесі жылы Ақтөбе облысын толығымен интернет желісімен қамтып, ең шалғайдағы адамдарды да байланысқа қосу", - деді басқарма басшысы.


Болашақтағы жоспарлар: ауылдарда желіні кеңейту

Kcell өкілдерінің айтуынша, компанияның жоспарында тек қалада және жақын маңдағы кенттерде ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде және Самара-Шымкент, Ырғыз-Шалқар, Ақтөбе-Астрахан және Ақтөбе-Орск республикалық трассаларының бойында өзінің желілік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсаты бар. "250+" бағдарламасы аясында жыл соңына дейін бүкіл ел бойынша 268 ауылда жаңа базалық станциялар орнатылады. Бұл көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтердің сапасын айтарлықтай жақсартады.