Өзбекстанда өтіп жатқан Президент сайлауында Шавкат Мирзиеев жеңіске жетті. Бұл туралы Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-Министр Мирзиеев сайлаушылардың 88,61 пайыз даусын жинап жеңіске жеткен. Ол Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен болатын. Мемлекет басшылығына таласта Хатамжон Кетмонов Халық-демократиялық партиясынан, Нариман Омаров социал-демократтардан және парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Сарвар Отамуратов демократиялық партиядан сайлауға түсті.
ОСК басшысы сайлауға 20 миллион сайлаушының 17,9 миллионнан астамы (87,83 %) қатысқанын хабарлаған.
"Ұлт ақпарат"