Фото: Видеодан скриншот
Шарын Ұлттық парк инспекторлары ерекше сәтті кадрға түсірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Инспекторлар ұшуды үйреніп жүрген дала қыранының балапанын таспалап алған.
"Әлі тәжірибесі аз болғанымен, болашақта көк аспанның нағыз қожайынына айналары сөзсіз", - деп жазылған Шарын Ұлттық паркінің instagram парақшасында.
Дала қыраны - (Aquila nipalensis) — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жойылып бара жатқан жыртқыш құс.
"Табиғат аясында жұмыс істеу – бұл тек қызмет емес, бұл — табиғаттағы ерекше сәттердің алғашқы куәгері болу. Көз алдыңда ұшуға үйреніп жатқан жас қыранды көру - даладағы өмірдің сұлулығын және оны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады", - делінген хабарламада.
