Фото: Aikyn.kz
Қостанай облысынан келген турист Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен. Ал достары көмектесе алмаған соң, жақын жердегі күзетте кезекшілікте тұрған ТЖМ құтқарушыларына жүгінген, деп хабарлайды Ult.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, мамандардың үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде 1989 ж.т. ер адам құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
