Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сәдуақас Байғабылов елордаға Шарм-әл-Шейхтен ұшып келген жолаушылардың ішінде бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталған мәлім етті.
Бұл – қазан айынан бері елімізге сырттан вирус жұқтырып келген 9-шы адам, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласына Шарм-әл-Шейхтен ұшақпен 241 жолаушы келді. Олардың ішінде 219 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Қазақстанның 22 азаматында ПТР-тест анықтамасы болмады. Бәрі де 7 күндік карантинге жатқызылды», - дейді Сәдуақас Байғабылов.
Оның хабарлауынша, карантинге жатқызылған адамдардың ішінде бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған.