Зарқын ағамыз жетпістің бесеуіне келіпті. Көз көргенмен көңіл сенбейді. Біз үшін Зақаң әлі жас. Қарттыққа қалай қиярсың. Қара сөзіне қалжың қоспаса, қомсынып тұратын көңіліміз Зақаңды сол баяғы болмыс, мінезімен ғана қабылдаймыз. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы ұлт намысының оянып, қоғам елең-алаң күй кешкен шақ еді. Айтыс өнерінің байрағы желбіреп тұрған. Қырқыншы жылдары соғыстың қайнап тұрған кезінде Қарағандыда Ғабит Мүсірепов бас болып, республикалық ақындар айтысын өткізіпті. Сол абыз Ғабеңнен кейін көмірлі өлкеде айтысты қолға алған осы Зарқын аға. Ол кезде Зақаң «Орталық Қазақстанда» бөлім меңгерушісі еді. Бір бөлмеде ақын Оңайгүл Тұржан, журналист Гүлсім Оразалиева үшеуі отыратын. Балауса өлеңдерімізді алып, редакцияға барып тұратынбыз. Бірде «Орталыққа» бара қалсам, Зақаңның бөлімі абыр-сабыр болып жатыр. Сөйтсем, Қарағандыға Жүрсін Ерман ұйымдастырып жүрген телевизиялық айтыс келіп жатыр екен. Жезқазған мен Торғай облыстарының арасындағы командалық айтыс. Газетке ақындар айтысын алдын-ала хабарлап, насихаттау керек. Зақаң шабыттанып алған: - Жезқазғанның бас ақыны Шынболат Ділдебев жайлы мақаланың тақырыбын «Қайдасың Қонысбай!» деп қойыңдар, торғайлық бас ақын Қонысбайдың аузына «Мен келдім, Шынболат!» деген сөз салыңдар,-дейді. Бағзыдағы сал-серілердің, ақындардың ғана айтатын сөздері. Совет заманы еді. Астында ауыздығымен алысқан сәйгүлігі, қолдарына үкілі домбыра ұстаған ұлы даланың өнерпаздары көз алдымда көлбеңдеп өте берді. Шіркін, сөздің құдіреті-ай! Сондағы Зақаң қойған тақырыптардың өзі санамызды бір серпілтіп тастап еді.
Зақаң шын мәнінде Қарағандыда айтыс өнерінің жандануына үлкен ықпал етті. Сексенінші жылдардың соңын ала шыққан біздер үшін (Қуаныш Мақсұтов, Айгүл Түсіпбекова, т.б) Зақаң тәрбиесінің орны бөлек. Біздің соңымызды ала Аманжол баурымыз шықты. Зақаң бәріміздің рухани жанашырымыз, ұстазымыз болды.
1989 жыл. Үшінші облыстық ақындар айтысына қызу дайындық жүріп жатқан кез. Орыс, неміс ұлттарының да өкілдерін айтысқа қатыстыру керек. Партия талабы солай. Ешкім қарсы дау айта алмайды. Сонда осы Зақаң Егіндібұлақтан Гүлбаршын Гроссты (Тергеубекова), Қарқаралыдан Сергей Даудрихты қыз бен жігіт айтысына шығарды. Сонымен айтыс ақындарының қатарында немісте, орыста бар болып шыға келді. Бәрі орнына келді-ау дегенде тағы шу шықты. Бұл айтыс жайдан жай өтпеу керек. Бірдеңеге арналу керек. Ойпырмай, енді қайттік!? Айтысқа коммунистік реңкті қалай береміз деп ұйымдастырушылар тағы дал болды. Бұл тығырықтан да Зақаң алып шықты. Айтыс сол кезде Мәскеуде өтіп жатқан коммунистік партияның XIX конференциясы құрметіне орай өткізілетін болды. -Үйбай-ау, партиядан ұят емеспе, бәсе сөйтуіміз керек- дейді Зақаң жайбырақат. Мәскеу қайда, айтыс қайда. Күлейік десек күле алмаймыз. Зақаңның жүзінен нағыз шаншарға тән ащы мысқылды сонда алғаш аңғарып едім.
Кешегі Советтік Қазақстанда журналистика мамандығын даярлайтын жалғыз оқу орны болды. Ол Алматыдағы С.М.Киров атындағы ҚазГУ-дің журналистика факультеті еді. Советтік Қазақстандағы он тоғыз облысты журналистермен қамтамасыз ету сол жалғыз факультеттің құзырында ғана болды. Соның салдарынан орталық, солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінде журналистика мамандығына деген тапшылық аса зәру мәселеге айналды. Бұл өңірлердің мерзімді басылымдары мен телерадио орындарында филолог, тархшы қала берді жаратылыстану саласының мамандары журналистика мамандығының қызметтерін атқаруға тура келді.
Қазақстандағы күрделі проблеманың түйінін ең алдымен Орталық Қазақстан өңірі, дәлірек айтсақ, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті қолға алды. Міне, осы тұста Зақаңның отандық журналистика тарихындағы айтарлықтай үлкен бір еңбегі болды. 1993 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасында Алматының ҚазМУ-інен кейінгі екінші журналистика мамандығын даярлау бөлімі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың шаңырағында бой көтеріп, ірге тасы қаланды.
Қарағанды Мемлекеттік университетіндегі журналистика кафедрасының ашылуына бастамашы болған әрі осы істі үлкен қажырлылықпен жүргізген Зарқын Сыздықұлының еңбегі өлшеусіз еді. Зарқын Сыздықұлының бұл бастамасына университеттің сол жылдардағы ректоры, профессор Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев барынша қолдау көрсетті. Қазір осы бөлімнен журналист мамандығын алып шыққан жүздеген шәкірттер Қазақстан БАҚ-ында жемісті еңбек етуде.
Зақаңның қалам тартпаған тақырыбы кемде кем. Әрине, оны ол кісі істеген баспасөз беттерінен көруге болады. Бір ғана мысал Қарқаралы, Қу өңірлерінің әнші-композиторлары туралы жазған «Алтын бесік – ән орда» атты кітабының өзі бүгінгі ұрпақ үшін аса құнды дүние. «Менің білмейтінім жоқ»,- дейді кейде Зақаң қалжыңдап. Шынында да Зақаң білмейтін, мүдіретін бірде-бір мәселе болмайтын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша докторлық диссертациялық кеңеске Зақаң бірден іргелі үш зерттеу ұсынады. Мұндай жағдайды көрмеген ғылыми кеңес мүшелері таң қалады. Біреулер ғалым атану үшін бір диссертацияны әрең жазып жатқан уақытта бірден кешенді үш моногрфияны қорғауға ұсынған Зақаңның білімділігі шынымен таң қаларлық дүние еді. Жақып Ақбай күрескерлігі, Абай шығармашылығы, тағы бір өнер тақырыбына қатысты үш ғылыми еңбектің ішінен жетекшісі Абай шығармашылығынан қорғатуды жөн көреді. Академиктер Зәки Ахметов, Зейнолла Қабдолов, Рымғали Нұрғалиев, филология ғылымдарының докторлары Тұрсынбек Кәкішев, Марат Барманқұлов, Темірбек Қожакеев, Әбілғазы Нарымбетов, Алма Қыраубаева және басқалары диссертанттың «Абайтанудың революцияға дейінгі кейбір қайнар көздері» деген еңбегін «абайтануға қосылған елеулі үлес» ретінде бірауызды пікір білдіреді.
Қорғау үстінде қызық жағдай болады. Ғылыми кеңес мүшелері сұрақты қарша боратады. Зақаңа керегі сол оңынан да, солынан да қойылған сұрақтарға тиянақты, дәйекті жауап беруден жалықпайды. Тіпті, арқасы қозып шабыттанып кеткен Зақаңды әрең тоқтады. Сәл тыныштық орнағанда профессор Тұрсынбек Кәкішев: -Тағы қандай сұрақтарың бар, білмейтіндеріңді сұрап қалыңдар,- деген екен.
Абайтанудың көкейкесті мәселелері автордың «Абай және баспасөз» (Революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің материалдары бойынша, Қарағанды, 1997) және «Абайтану арнасында». (Абайтанудың қазіргі көкейкесті мәселелері, Астана, 2006) монографиялары мен ғылыми мақалаларында жаңа қырынан зерттелген. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттерінде жиырма жылға таяу абайтану дәрістерін алғаш бастап, жүргізіп келеді.
Зақаң табиғаттың төл тума перезенті. Оған ресмилік, «аса тәртіпті» болу жараспайды. Университетте істеп жүрген кезінде ескі аэропорттың маңындағы жер үйде тұрды. Кейде қанша асығып шыққанымен көлікке үлгермей, сабақтан кешігіп қалады. Ондайда деканаттың қыздары ренжиді, ұрсады. –Зақа мынауыңыз ұят емеспе, сабақтты босаттыңыз, жастарға үлгі берудің орнына мұныңыз не?,- дейді. Зақаң саспайды, қыздармен қосылып, өзі де ұрысып тұрады: -Дұрыс, дұрыс сабақтан қалуға болмайды, ұят болады дейді қосарланып. Қыздар одан сайын ашуланып:-Зақа мұны сізге айтып тұрмыз десе, Зақаңда: -Менде соны айтып тұрмын ғой, ұят болады, сабақтан қалмаңдар, - дейді жайбырақат.
Қалада кейде шығармашылық кештер болып жатады. Қос Ерлан (Төлеутаев, Құжыманов) ән айтады екен барайық,-дейді Зақаң. Әй, кешегі Біржан, Ақандар осы жігіттер сияқты айтқан, бұлардың қадірін біліңдер, - дейтін біздерге.
2001 жылы АҚШ Меммлекеттік департаментінің шақыруымен «АҚШ-та журналистер даярлау» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың бес университетінде болып, лекция оқыды, семинарлар өткізді. ҚХР Шыңжан университетінде, Қоғамдық ғылымдар академиясында (2012) халықаралық конференцияларға қатысты, Прага университетінде (2013) қазіргі БАҚ және журналистер даярлау мәселесі бойынша баяндамалар жасады.
Сол сапарда ғой, кіші Джордж У. Буш президенттік сайлауға түсіп жатқан тұс. Бір кездесуде американдық бір журналист Зақаңа президент сайлауы жайында құйтырқы сұрақ қояды. – Сіз осы сайлауда кім жеңеді деп ойлайсыз және болашақ Америка президентінің әлем саясатындағы ықпалы қандай болмақ,- дейді. Азияның әліде беймәлімдеу елінен келген бұл азият не дейді екен деген кеудемсоқтық пиғыл ғой баяғы. Зақаңның Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы екенін, әйгілі Қаракеск – Шаншардың тұяғы екенін ол журналист қайдан білсін. Зал сілтедей тынып Зақаңа қарайды. Зақаң саспай жай ғана:- Елдеріңізге келгелі байқап жүрмін, жалпы сіздерге президенттің керегі жоқ екен, президентсізде өмір сүре алатын ел екенсіздер,-депті. Отырғандар ду күліпті. Бұл сөздің не мақтау, не даттау екенін түсінбеген журналист байғұс недерін білмей қалыпты.
Алпыс жылға тарта қолынан қаламы түспеген зерттеуші Зарқын Тайшыбай соңғы 20 жыл бойы абылайтану тақырыбымен үзбей айналысып келеді. Автордың «Абылай хан» (құжаттар мен материалдар жинағы, 32 б.т. «Астана», 2005) кітабы қазақ тілінде 10 мың дана болып басылып, бүкіл елімізге тарады. Кітапта қазақ тіліне тұңғыш аударылып, уақыт ретімен тізілген жазба деректер ХҮШ ғасырдағы қазақ тарихын зерттеушілерді қызықтырды, Абылай тақырыбына қалам тартқандардың әрқайсысы бұл еңбекке соқпай кеткен жоқ десе болады. Зақаңның шығармашылық жолындағы ең сүйекті еңбегі, кешенді тақырыбы осы Абылай хан тарихи дерекнамасы деседе болады.
Зақаң жайлы көп айтуға болады. Бірақ бір мақалаға оның бәрін сыйғызу мүмкін емес. Ақылшы аға, рухани ұстаз Зақаңа деген жүрек жарды ойларымды жыр жолдарына қалдырайын:
Зақаңның қаламы құт,жаны көрік,
Көп жүрдік,күрең күнде жанына еріп.
Беу шіркін,уақытқа дауа барма?
Барады сары белден сағым өріп...
Өмірің өнегелі,бұла дастан,
Жаныңа нұр құйылып, күнә қашқан.
Сақадай алшы түскен ақылыңа,
Баласы бес Мейрамның құлақ асқан.
Тәттімбет бабаң күй боп күмбірледі,
Ән айтты Балқантаудың сүмбіл желі.
Шыңдары Қарқаралы шырайланып,
Тебіренді Қу бойының құмбыл белі.
Қайтейін күстаналап замананы,
Қалады биігінде адам ары.
Ескінің есті сөзін арқалаған,
Сен едің қазағымның қара нары.
Ат жақты,батыр кеуде,бөлек бітім,
Тілемес көк бөрідей ерек күтім.
Шымырлап шымнан шыққан шым бұлақтай,
Бойыңа құт боп қонған зерек білім.
Жатса егер қай құбылам еңсерілмей,
Кезің жоқ тосырқаған әмсе білмей.
Тауарих жайлы жазған тәмсілдерің,
Баһадүр Абылайдың семсеріндей.
Жаралғандай қысастық, адам кектен,
Соқпақты-соқтықпалы заман неткен?!
Шерменде шерлі ғасыр дауылынан,
Шаншардың тұяғысың аман жеткен.
Жүйріктей шапқан сайын қарқын ала,
Ұрпаққа аңыз болар парқың аға.
Ортада оғыландай ойыңды айтып,
Аман сау жүре берші Зарқын аға!
Қойлыбай Асанұлы
ақын,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Шаншардың тұяғы
Зарқын ағамыз жетпістің бесеуіне келіпті. Көз көргенмен көңіл сенбейді. Біз үшін Зақаң әлі жас. Қарттыққа қалай қиярсың. Қара сөзіне қалжың қоспаса, қомсынып тұратын көңіліміз Зақаңды сол баяғы болмыс, мінезімен ғана қабылдаймыз. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы ұлт намысының оянып, қоғам елең-алаң күй кешкен шақ еді. Айтыс өнерінің байрағы желбіреп тұрған. Қырқыншы жылдары соғыстың қайнап тұрған кезінде Қарағандыда Ғабит Мүсірепов бас болып, республикалық ақындар айтысын өткізіпті. Сол абыз Ғабеңнен кейін көмірлі өлкеде айтысты қолға алған осы Зарқын аға. Ол кезде Зақаң «Орталық Қазақстанда» бөлім меңгерушісі еді. Бір бөлмеде ақын Оңайгүл Тұржан, журналист Гүлсім Оразалиева үшеуі отыратын. Балауса өлеңдерімізді алып, редакцияға барып тұратынбыз. Бірде «Орталыққа» бара қалсам, Зақаңның бөлімі абыр-сабыр болып жатыр. Сөйтсем, Қарағандыға Жүрсін Ерман ұйымдастырып жүрген телевизиялық айтыс келіп жатыр екен. Жезқазған мен Торғай облыстарының арасындағы командалық айтыс. Газетке ақындар айтысын алдын-ала хабарлап, насихаттау керек. Зақаң шабыттанып алған: - Жезқазғанның бас ақыны Шынболат Ділдебев жайлы мақаланың тақырыбын «Қайдасың Қонысбай!» деп қойыңдар, торғайлық бас ақын Қонысбайдың аузына «Мен келдім, Шынболат!» деген сөз салыңдар,-дейді. Бағзыдағы сал-серілердің, ақындардың ғана айтатын сөздері. Совет заманы еді. Астында ауыздығымен алысқан сәйгүлігі, қолдарына үкілі домбыра ұстаған ұлы даланың өнерпаздары көз алдымда көлбеңдеп өте берді. Шіркін, сөздің құдіреті-ай! Сондағы Зақаң қойған тақырыптардың өзі санамызды бір серпілтіп тастап еді.
Зақаң шын мәнінде Қарағандыда айтыс өнерінің жандануына үлкен ықпал етті. Сексенінші жылдардың соңын ала шыққан біздер үшін (Қуаныш Мақсұтов, Айгүл Түсіпбекова, т.б) Зақаң тәрбиесінің орны бөлек. Біздің соңымызды ала Аманжол баурымыз шықты. Зақаң бәріміздің рухани жанашырымыз, ұстазымыз болды.
1989 жыл. Үшінші облыстық ақындар айтысына қызу дайындық жүріп жатқан кез. Орыс, неміс ұлттарының да өкілдерін айтысқа қатыстыру керек. Партия талабы солай. Ешкім қарсы дау айта алмайды. Сонда осы Зақаң Егіндібұлақтан Гүлбаршын Гроссты (Тергеубекова), Қарқаралыдан Сергей Даудрихты қыз бен жігіт айтысына шығарды. Сонымен айтыс ақындарының қатарында немісте, орыста бар болып шыға келді. Бәрі орнына келді-ау дегенде тағы шу шықты. Бұл айтыс жайдан жай өтпеу керек. Бірдеңеге арналу керек. Ойпырмай, енді қайттік!? Айтысқа коммунистік реңкті қалай береміз деп ұйымдастырушылар тағы дал болды. Бұл тығырықтан да Зақаң алып шықты. Айтыс сол кезде Мәскеуде өтіп жатқан коммунистік партияның XIX конференциясы құрметіне орай өткізілетін болды. -Үйбай-ау, партиядан ұят емеспе, бәсе сөйтуіміз керек- дейді Зақаң жайбырақат. Мәскеу қайда, айтыс қайда. Күлейік десек күле алмаймыз. Зақаңның жүзінен нағыз шаншарға тән ащы мысқылды сонда алғаш аңғарып едім.
Кешегі Советтік Қазақстанда журналистика мамандығын даярлайтын жалғыз оқу орны болды. Ол Алматыдағы С.М.Киров атындағы ҚазГУ-дің журналистика факультеті еді. Советтік Қазақстандағы он тоғыз облысты журналистермен қамтамасыз ету сол жалғыз факультеттің құзырында ғана болды. Соның салдарынан орталық, солтүстік, батыс, шығыс өңірлерінде журналистика мамандығына деген тапшылық аса зәру мәселеге айналды. Бұл өңірлердің мерзімді басылымдары мен телерадио орындарында филолог, тархшы қала берді жаратылыстану саласының мамандары журналистика мамандығының қызметтерін атқаруға тура келді.
Қазақстандағы күрделі проблеманың түйінін ең алдымен Орталық Қазақстан өңірі, дәлірек айтсақ, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті қолға алды. Міне, осы тұста Зақаңның отандық журналистика тарихындағы айтарлықтай үлкен бір еңбегі болды. 1993 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасында Алматының ҚазМУ-інен кейінгі екінші журналистика мамандығын даярлау бөлімі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың шаңырағында бой көтеріп, ірге тасы қаланды.
Қарағанды Мемлекеттік университетіндегі журналистика кафедрасының ашылуына бастамашы болған әрі осы істі үлкен қажырлылықпен жүргізген Зарқын Сыздықұлының еңбегі өлшеусіз еді. Зарқын Сыздықұлының бұл бастамасына университеттің сол жылдардағы ректоры, профессор Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев барынша қолдау көрсетті. Қазір осы бөлімнен журналист мамандығын алып шыққан жүздеген шәкірттер Қазақстан БАҚ-ында жемісті еңбек етуде.
Зақаңның қалам тартпаған тақырыбы кемде кем. Әрине, оны ол кісі істеген баспасөз беттерінен көруге болады. Бір ғана мысал Қарқаралы, Қу өңірлерінің әнші-композиторлары туралы жазған «Алтын бесік – ән орда» атты кітабының өзі бүгінгі ұрпақ үшін аса құнды дүние. «Менің білмейтінім жоқ»,- дейді кейде Зақаң қалжыңдап. Шынында да Зақаң білмейтін, мүдіретін бірде-бір мәселе болмайтын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша докторлық диссертациялық кеңеске Зақаң бірден іргелі үш зерттеу ұсынады. Мұндай жағдайды көрмеген ғылыми кеңес мүшелері таң қалады. Біреулер ғалым атану үшін бір диссертацияны әрең жазып жатқан уақытта бірден кешенді үш моногрфияны қорғауға ұсынған Зақаңның білімділігі шынымен таң қаларлық дүние еді. Жақып Ақбай күрескерлігі, Абай шығармашылығы, тағы бір өнер тақырыбына қатысты үш ғылыми еңбектің ішінен жетекшісі Абай шығармашылығынан қорғатуды жөн көреді. Академиктер Зәки Ахметов, Зейнолла Қабдолов, Рымғали Нұрғалиев, филология ғылымдарының докторлары Тұрсынбек Кәкішев, Марат Барманқұлов, Темірбек Қожакеев, Әбілғазы Нарымбетов, Алма Қыраубаева және басқалары диссертанттың «Абайтанудың революцияға дейінгі кейбір қайнар көздері» деген еңбегін «абайтануға қосылған елеулі үлес» ретінде бірауызды пікір білдіреді.
Қорғау үстінде қызық жағдай болады. Ғылыми кеңес мүшелері сұрақты қарша боратады. Зақаңа керегі сол оңынан да, солынан да қойылған сұрақтарға тиянақты, дәйекті жауап беруден жалықпайды. Тіпті, арқасы қозып шабыттанып кеткен Зақаңды әрең тоқтады. Сәл тыныштық орнағанда профессор Тұрсынбек Кәкішев: -Тағы қандай сұрақтарың бар, білмейтіндеріңді сұрап қалыңдар,- деген екен.
Абайтанудың көкейкесті мәселелері автордың «Абай және баспасөз» (Революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің материалдары бойынша, Қарағанды, 1997) және «Абайтану арнасында». (Абайтанудың қазіргі көкейкесті мәселелері, Астана, 2006) монографиялары мен ғылыми мақалаларында жаңа қырынан зерттелген. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттерінде жиырма жылға таяу абайтану дәрістерін алғаш бастап, жүргізіп келеді.
Зақаң табиғаттың төл тума перезенті. Оған ресмилік, «аса тәртіпті» болу жараспайды. Университетте істеп жүрген кезінде ескі аэропорттың маңындағы жер үйде тұрды. Кейде қанша асығып шыққанымен көлікке үлгермей, сабақтан кешігіп қалады. Ондайда деканаттың қыздары ренжиді, ұрсады. –Зақа мынауыңыз ұят емеспе, сабақтты босаттыңыз, жастарға үлгі берудің орнына мұныңыз не?,- дейді. Зақаң саспайды, қыздармен қосылып, өзі де ұрысып тұрады: -Дұрыс, дұрыс сабақтан қалуға болмайды, ұят болады дейді қосарланып. Қыздар одан сайын ашуланып:-Зақа мұны сізге айтып тұрмыз десе, Зақаңда: -Менде соны айтып тұрмын ғой, ұят болады, сабақтан қалмаңдар,- дейді жайбырақат.
Қалада кейде шығармашылық кештер болып жатады. Қос Ерлан (Төлеутаев, Құжыманов) ән айтады екен барайық,-дейді Зақаң. Әй, кешегі Біржан, Ақандар осы жігіттер сияқты айтқан, бұлардың қадірін біліңдер,-дейтін біздерге.