07 қаң, 2017 сағат 11:01

Шаханда құлаған үйдің жанында модульдік қазандық іске қосылды

- Қарағанды облысы Шахан кентінде қираған үйді жылу, су, электрмен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режімде жүріп жатыр, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.

7 қаңтарда апатты үйге арнайы жеке алаңға қуаты 400 кВт қазандық орнатылып, іске қосылды.

Қазіргі уақытта тұтынушыларды жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Үйді толықтай қосу 8 қаңтарда аяқталады. Барлық 4 кіреберіс электр желісіне қосылды. Су өткізу және канализациялық желілер тексерілді.

4 қаңтардан бастап зардап шеккендерге көмек көрсету қоры жұмыс істеуде. Есепшот ашылды. Шахан кенті жұртшылығы өкілдерінен құрылған қамқоршылық кеңес ашылды. Қорға қаражат түсіп жатыр.

Қор зардап шеккен тұрғындардың шығындарын өтеу бойынша төлемдерді 9 қаңтарда бастайды. Сондай-ақ кентке гуманитарлық көмек түсуде.

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары, «ҚР қызыл Жарты ай қоғамы» филиалы, «Шахтинск қ. ресурстық жастар орталығы», өңір кәсіпкерлері, Қарағанды, Шахтинск ққ. тұрғындары, Астана, Сарань ққ. еріктілері шаруашылық тауарларын, төсек-орындар, әйелдер, ерлер, балалар киімдері мен аяқ киімдерін, сондай-ақ 3 тонна азық-түлік жіберді.