04 нау, 2024 сағат 16:26

Сейсмолог аламатылықтарды сағат 16:00-ге дейін қабылдау пункттерінде болуды сұрады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматы тұрғындарын сағат 16:00-ге дейін қабылдау пункттерінде болуды сұрады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


«Құрметті, алматылықтар! Алматы қаласында 11.22-де Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Афтершоктар болуы мүмкін. Бірақ, олардың қуаттылығы әлсіз сезіледі. Сабыр сақтап, халықты жинау бекеттерінде 16.00-ге дейін болуларыңызды сұраймыз», - деді Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.