Серік Жұманғарин ЕЭК Кеңесінде Қазақстан атынан өкілдік етеді. Бұл туралы комиссияның ресми сайтында жарияланды.
"Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде Қазақстан Республикасы атынан Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі міндетін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді" - делінген хабарламада.
Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.
Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын.